Заманауи мен тұрақты дамуға адалдық

Біздің қауымдастық – дәстүр мен заманауи көзқарасты ұштастыра отырып, тарихымызды сақтау, шежіремізді жүйелеу және ортақ құндылықтарды дамыту жолында жұмыс істейтін бастамашыл бірлестік. Біз бірлікті нығайтып, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету арқылы рухани мұрамызды болашаққа жеткізуді мақсат етеміз.

Кеңістіктер жасауға деген құштарлық

Біздің қауымдастық ұсынатын қызметтер отбасы мүшелерінен бастап, кең ауқымды кәсіпкерлік жобаларға дейінгі әртүрлі қатысушыларға бағытталған. Біз әрбір мүше мен топқа тиімді, жүйелі және ыңғайлы шешімдер ұсына отырып, отбасы, ру және қауымдастық арасындағы байланыстарды нығайтуға ұмтыламыз.

Тарихымызды сақтау

бұл өткенді құрметтеп, болашаққа сабақ беру, ұрпаққа түпкілікті мұра қалдыру жолындағы біздің міндетіміз.

Шежіремізді жүйелеу

отбасылық тарихымыз бен туыстық байланыстарды реттеп, оларды ұрпаққа жеткізудің жолы

Ортақ құндылықтарды дамыту

қауымдастық мүшелерін біріктіріп, дәстүрлер мен мәдениетті сақтау арқылы бірлікті нығайту

Жаңа жобаларды дамыту

шығармашылық идеяларды іске асыру арқылы қауымдастықтың дамуына үлес қосу

Жақындарға көмектесу

отбасы мен туыстарға қолдау көрсетіп, бірлікті нығайту жолындағы біздің міндетіміз

Білімдерді нығайту

қауым мүшелерінің білімі мен дағдыларын жетілдіру арқылы жеке және ортақ дамуға үлес қосу

Ресурстардың кең ауқымы

Біздің қауымдастық ұсынатын қызметтер мен ресурстар әртүрлі мүшелерге бағытталған – жеке отбасы мүшелерінен бастап, кең ауқымды отбасы және ру жобаларына дейін. Біз әрбір қатысушыға ақпарат, қолдау және қажетті құралдарды ұсынып, шежірені жүйелеу мен тарихымызды сақтауға мүмкіндік береміз.

Балғалы бірлескен кез

  • Туыстармен бірлесіп жұмыс істеу – қауым мүшелерімен тәжірибе алмасу.
  • Жобаларыңызды көрсету – өз тарихыңызды, отбасы немесе ру жобаларын бөлісу.
  • Қауымдастық әлемін зерттеу – тарихымыз бен шежіремізді тереңірек тану.

Қаракөсе жыналысы

  • Терең ой салар істер әлемі – тарих, шежіре және отбасы дәстүрлеріне арналған материалдар.
  • Іс-тәжірибелер мен мысалдар – Қаракөсе тарихындағы ерекше оқиғалар мен жетістіктер.
  • Арнайы ақпаратқа эксклюзивті қол жеткізу – қауымдастықтың ішкі жаңалықтары мен зерттеулері.

“Өте керемет сайт! Еліміз бен халқымызға табыс тілеймін. Біздің қазақ руыларымыз әрі қарай гүлдене берсін.”

Тайыр Жораұлы

пенсионер, 75 жаста

Көру, Оқу, Тыңдау


  • Қызылқұмда Қарақосе руы өкілдерінің кездесуі өтті

    2026 жылғы 13 қаңтарда Қызылқұм ауылдық округінде Қарақосе руы өкілдерінің кездесуі өтті. Жиын Тоғай ата өкілі Ғани Ахметовтің шақыруымен, дәстүрлі дастархан форматында «Ержан» мейрамханасында ұйымдастырылды.

    Кездесуге сегіз ата өкілдері, штаб мүшелері мен ру белсенділері қатысты. Басқосу барысында шежіре дайындау мәселелері талқыланып, ру басыларының есептері тыңдалды. Есептерді РУ басшысы Айдархан мырза қабылдады.

    Іссапар аясында Балғалы руының өкілі — Ачилов Н. Асыката, Баирқұм, Алатау және өзге де елді мекендерге барып, жалпы 600 шақырымнан астам жол жүріп өтті. Бұл сапар өңірлердегі ағайынмен тікелей жүздесіп, байланыс орнатуға бағытталды.

    Кездесу барысында Ачилов Н.-ге «Қоңырат–Қарақосе шежіресі» кітабы табысталып, рухани мұраға деген құрмет көрсетілді.

    Жиын ағайын арасындағы бірлікті нығайтуға, тарихи жадыны жаңғыртуға және ұрпақ сабақтастығын жалғастыруға бағытталған маңызды кездесу болды.


  • Қарақосе штабы мүшесінің Астана қаласына жұмыс сапары

    2026 жылғы 5-9 қаңтарда Қарақосе штабының мүшесі Н. Ачилов Астана қаласына жұмыс сапарымен барды.

    Сапар аясында ол Астана қаласы бойынша Қарақосе–Балғалы өкілі Дінмұхаммад Әбдусейітұлымен кездесті. Кездесу отбасылық, жылы атмосферада өтіп, ру ішіндегі өзара байланыс пен ағымдағы мәселелер талқыланды.

    Сонымен қатар, Н. Ачилов ағайын көкесі Әбдусейіт Қошқарұлын қоныс тойымен, сондай-ақ отбасындағы қуанышты жаңалықтармен құттықтап, игі тілектерін білдірді.

    Бұл жұмыс сапары ағайын арасындағы бірлікті нығайтып, туыстық байланысты бекемдеуге бағытталған маңызды кездесу болды.



  • Аталар сөзі – Ақылдың көзі

    06.04.2025 Махтаралда Қаракөсе руының Құрылтайы


  • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

    Құрметті аталар, бабалар, ағайындар, інілер!

    Сіздерді және барша отбастарыңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

    Тәуелсіздік — ата-бабамыздың сан ғасырлық асыл арманы, елдігіміз бен еркіндігіміздің, ұлттық рух пен тұтастықтың мәңгілік нышаны. Осы қастерлі мереке әр шаңыраққа амандық пен тыныштық, береке мен молшылық, өзара сыйластық пен ынтымақ әкелсін.

    Елімізде әрдайым бейбітшілік пен тұрақтылық орнығып, халқымыздың әл-ауқаты арта бергей. Ұрпағымыз ұлағатты, ел болашағы нұрлы, тәуелсіздігіміз баянды да тұғырлы болсын!

    Мереке құтты болсын!
    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!


  • Қаракөсе тарихын ғылыми тұрғыда зерделеу: 14 желтоқсанда өткен тағылымды кездесу

    2025 жылғы 14 желтоқсанда Қаракөсе бірлестігі аясында Қаракөсе руының тарихына арналған маңызды қоғамдық-ғылыми кездесу өтті. Іс-шара Қаракөсе тарихын жүйелі зерттеу, оны Орталық Азия тарихының кең контекстінде қарастыру және ғылыми айналымға енгізу мақсатында ұйымдастырылды.

    Іс-шарада Қаракөсе тарихын зерттеуге елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтардың еңбегі ерекше аталды.
    Атап айтқанда, Айдархан ағайға және басқа да қатысушыларға мазмұнды баяндамалары мен құнды идеялары үшін алғыс білдірілді. Сондай-ақ, Абдиназар ағайға осындай тағылымды кездесуді ұйымдастыру жөніндегі бастамасы үшін ерекше ризашылық айтылды.

    Кездесу барысында Қаракөсе штабының жаңа мүшелері таныстырылып, алдағы ғылыми-зерттеу бағыттары талқыланды. Осы жиында Нұрбек Ачилов және Ербол Әбдікәрімұлы Қаракөсе штабының мүшесі ретінде ресми түрде таныстырылды. Бұл қадам Қаракөсе тарихын тек шежірелік деңгейде емес, ғылыми, аналитикалық және халықаралық деңгейде дамытуға бағытталған маңызды шешім болды.

    Кездесу барысында Қаракөсе тарихын зерттеу тек бір рудың шеңберінде қалмай, Орталық Азияның әлеуметтік-тарихи жадының маңызды бөлігі екені атап өтілді.

    Нұрбек Ачилов өз сөзінде Қаракөсе Қоңырат бірлестігінің тарихи бейнесін ғылыми деректерге, талдауға және заманауи әдістерге сүйене отырып күшейтуді басты мақсат ретінде атап өтті. Қазіргі уақытта:

    • Қаракөсе–Балғалы тақырыбында кітап дайындалып жатыр;
    • Балғалы руының ресми сайты іске қосылды;
    • шежіре деректерін жүйелеу, тізімдерді нақтылау және оларды кестелік форматқа көшіру бойынша жоспар жасалған;
    • Қаракөсе тарихына қатысты бір еңбек ағылшын тіліне аударылып, халықаралық академиялық ортаға ұсынуға дайындалуда.

    Бұл бастамалар алдағы уақытта зерттеушілерге, жас ұрпаққа және кең оқырманға арналған ашық әрі сенімді дереккөз қалыптастыруды көздейді.

    Іс-шара соңында Қаракөсе тарихын зерттеу жеке бастама емес, қоғамдық әрі тарихи жауапкершілік екені атап өтіліп, барлық ниеттес азаматтар ынтымаққа шақырылды.

    Бірлік бар жерде – тарих бар.
    Тарих бар жерде – болашақ бар.


  • Қош келдіңіздер, қадірлі ағайын!

    Қаракөсе Балғалы Ата қауымдастығының ресми сайтына қош келдіңіз!
    Бұл платформа – біздің руымыздың тарихын, шежіресін және дәстүрлерін сақтап, ұрпаққа жеткізуге арналған. Мұнда сіз:

    -Отбасылық және ру тарихымен таныса аласыз

    -Шежіремізді зерттеп, деректеріңізді жүйелей аласыз

    -Қауым мүшелерімен байланыс орнатып, тәжірибе бөлісе аласыз

    -Форум мен іс-шараларға қатысу арқылы қауымдастық өміріне қосыла аласыз

    Сайттағы әрбір бөлім – сізге өз тарихыңызды тануға, туыстық байланыстарды нығайтуға және Қаракөсе Балғалы қауымдастығының өміріне белсенді қатысуға мүмкіндік береді.

    Біздің тарихымыз – біздің күшіміз. Бірге сақтап, бірге дамытайық!

300-ден астам Балғалыларға қосылыңыз

Барлық маңызды жаңалықтар мен ақпараттардан хабардар болу үшін қауымдастық жаңалықтарына жазылыңыз.