Жаналықтар

  • Қызылқұмда Қарақосе руы өкілдерінің кездесуі өтті
    2026 жылғы 13 қаңтарда Қызылқұм ауылдық округінде Қарақосе руы өкілдерінің кездесуі өтті. Жиын Тоғай ата өкілі Ғани Ахметовтің шақыруымен, дәстүрлі дастархан форматында «Ержан» мейрамханасында ұйымдастырылды. Кездесуге сегіз ата өкілдері, штаб мүшелері мен ру белсенділері қатысты. Басқосу барысында шежіре дайындау мәселелері талқыланып, ру басыларының есептері тыңдалды. Есептерді РУ басшысы Айдархан мырза қабылдады. Іссапар аясында Балғалы руының өкілі — Ачилов Н. Асыката, Баирқұм, Алатау және өзге де елді мекендерге барып, жалпы 600 шақырымнан астам… Читать далее: Қызылқұмда Қарақосе руы өкілдерінің кездесуі өтті
  • Қарақосе штабы мүшесінің Астана қаласына жұмыс сапары
    2026 жылғы 5-9 қаңтарда Қарақосе штабының мүшесі Н. Ачилов Астана қаласына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында ол Астана қаласы бойынша Қарақосе–Балғалы өкілі Дінмұхаммад Әбдусейітұлымен кездесті. Кездесу отбасылық, жылы атмосферада өтіп, ру ішіндегі өзара байланыс пен ағымдағы мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, Н. Ачилов ағайын көкесі Әбдусейіт Қошқарұлын қоныс тойымен, сондай-ақ отбасындағы қуанышты жаңалықтармен құттықтап, игі тілектерін білдірді. Бұл жұмыс сапары ағайын арасындағы бірлікті нығайтып, туыстық байланысты бекемдеуге бағытталған маңызды кездесу болды.
  • Жаңа жылдық ағайндар кеші

Добавить комментарий


  • Меток нет