Біз түралы

Біздің Әулеттің Тарихы

Қоңырат – қазақ халқының ежелгі және ең ірі тайпаларының бірі. Шыңғыс хан дәуірінен бастап Орта Азия мен Дешті Қыпшақ даласында ерекше рөл атқарған бұл тайпа көптеген тарихи тұлғалар мен батырлар шығарған. Қазақ ішінде Қоңыраттың бір тармағы — Қарақөсе, ал Қарақөседен тарайтын белгілі бұтақтардың бірі — Балғалы.

Балғалы ұрпақтары

Балғалы — Қарақөседен тарайтын ірі тармақтардың бірі. Ата шежіресінде Балғалы ұрпақтары еңбекқор, елге сыйлы, шаруашылық пен ұлыс өміріне белсенді араласқан әулет ретінде сипатталады.

«Балғалы» атауының мәні

«Балға» сөзі көне түркі тілінде:

  • берік,
  • бекем,
  • сөзінде тұратын,
  • еңбекші,
  • темір ұстасы          деген мағыналарды білдіреді.

Сондықтан Балғалы аталары:

  • ұсталық,
  • темір өңдеу,
  • құрал-сайман жасау,
  • шаруашылық жүргізуде ептілік

сияқты кәсіптерімен танылған деп жорамалданады.

Балғалы әулетінің мекені

Тарихи деректер мен ауызша шежірелер бойынша Қоңырат тайпасы Қаракөсе атадан таралған Балғалы руының негізгі қоныстары:

  • Өзбекстан елінің Ташкент, Сырдария және Жиззақ облыстары
  • Түркістан
  • Созақ
  • Келес (Жүзімдік, Бозай, Бостандық, Ақтөбе аймақтары)
  • Шардара
  • Шымкент маңы

Бұл өңірлерде әулет ғасырлар бойы тұрақты қоныстанып, мал шаруашылығы, егіншілік, ұсталық, сауда-саттықпен айналысқан.

Балғалылардың Балзергер ұрпақтары бүгінде Өзбекстан Республикасының Ташкент облысы аумағында қоныстанған. Олар ежелден бері Сырдария, Шыршық, Келеске өзендерінің аңғарында, Бозсу құятын тораптардың дәл маңында өз ордаларын құрған. Бұл өңір орта ғасырлардан бастап аса маңызды стратегиялық аймақ ретінде белгілі. Себебі бүкіл Ұлы Жібек жолының сауда керуендері осы маң арқылы өткен.

Осы ғасырлар бойына Балзергер әулеті орналасқан бұл мекен – мәдениеттер тоғысқан, сауда-саттық пен қолөнер дамыған құтты қоныс болған. Бүгінгі таңда да бұл жердің маңызы жойылған жоқ: дәл осы аймақта Қазақстан мен Өзбекстанды жалғайтын, халықаралық маңызы бар “Б. Қонысбаев атындағы” ірі көлік өткізу бекеті орналасқан.

Жоғарыдағы картада Балзергер ұрпақтары мекендейтін «Котерме» ауылы мен тарихи қонысы нақты белгіленген. Бұл — әулеттің көпғасырлық көш жолдары мен қоныстану тарихын айқын көрсететін маңызды дерек.