Құрметті аталар, бабалар, ағайындар, інілер!
Сіздерді және барша отбастарыңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Тәуелсіздік — ата-бабамыздың сан ғасырлық асыл арманы, елдігіміз бен еркіндігіміздің, ұлттық рух пен тұтастықтың мәңгілік нышаны. Осы қастерлі мереке әр шаңыраққа амандық пен тыныштық, береке мен молшылық, өзара сыйластық пен ынтымақ әкелсін.
Елімізде әрдайым бейбітшілік пен тұрақтылық орнығып, халқымыздың әл-ауқаты арта бергей. Ұрпағымыз ұлағатты, ел болашағы нұрлы, тәуелсіздігіміз баянды да тұғырлы болсын!
Мереке құтты болсын!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!



Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.