2026 жылғы 13 қаңтарда Қызылқұм ауылдық округінде Қарақосе руы өкілдерінің кездесуі өтті. Жиын Тоғай ата өкілі Ғани Ахметовтің шақыруымен, дәстүрлі дастархан форматында «Ержан» мейрамханасында ұйымдастырылды.
Кездесуге сегіз ата өкілдері, штаб мүшелері мен ру белсенділері қатысты. Басқосу барысында шежіре дайындау мәселелері талқыланып, ру басыларының есептері тыңдалды. Есептерді РУ басшысы Айдархан мырза қабылдады.
Іссапар аясында Балғалы руының өкілі — Ачилов Н. Асыката, Баирқұм, Алатау және өзге де елді мекендерге барып, жалпы 600 шақырымнан астам жол жүріп өтті. Бұл сапар өңірлердегі ағайынмен тікелей жүздесіп, байланыс орнатуға бағытталды.
Кездесу барысында Ачилов Н.-ге «Қоңырат–Қарақосе шежіресі» кітабы табысталып, рухани мұраға деген құрмет көрсетілді.
Жиын ағайын арасындағы бірлікті нығайтуға, тарихи жадыны жаңғыртуға және ұрпақ сабақтастығын жалғастыруға бағытталған маңызды кездесу болды.








Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.