2026 жылғы 5-9 қаңтарда Қарақосе штабының мүшесі Н. Ачилов Астана қаласына жұмыс сапарымен барды.
Сапар аясында ол Астана қаласы бойынша Қарақосе–Балғалы өкілі Дінмұхаммад Әбдусейітұлымен кездесті. Кездесу отбасылық, жылы атмосферада өтіп, ру ішіндегі өзара байланыс пен ағымдағы мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, Н. Ачилов ағайын көкесі Әбдусейіт Қошқарұлын қоныс тойымен, сондай-ақ отбасындағы қуанышты жаңалықтармен құттықтап, игі тілектерін білдірді.
Бұл жұмыс сапары ағайын арасындағы бірлікті нығайтып, туыстық байланысты бекемдеуге бағытталған маңызды кездесу болды.






Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.