Ic-Шаралар

Қоңыраттың Қаракөсе руы өкілдері мен ұрпақтарының бірлігін нығайту мақсатында әр түрлі өңірлерде кездесулер үнемі ұйымдастырылып тұрады. Мысалы, осы және өткен жылғы жиындар Ашыкөлде (Шардара ауданы маңайы) өткізілді.

Қаракөселердің бас кездесуі, Шымкент қаласы, 2019 жыл
Он жақтан: Абдумалик Әріпбайұлы, Бижұман Жораұлы, Нұрбек Тайырұлы, Абдиназар Текебайұлы

2019 жылы Қаракөсе руының өкілдерінің жалпы жиыны Шымкент қаласында өтті. Онда Қара көсе Балғалы тайпасының 4 ұрпақ өкілдері қатысты (олар суретте көрсетілген).

2025 жылғы 14 желтоқсан күні, жексенбіде, Түркістан обласы Атакент аумағында орналасқан «Береке» дәмханасында Қаракөсе руы өкілдерінің маңызды әрі тағылымды кездесуі өтті. Бұл басқосу Балғалы руының атынан жайылған ақ дастархан басында ұйымдастырылып, ағайын арасындағы бірлік пен өзара құрметтің айқын көрінісіне айналды.

Қатысқандар

Қаракөсе руының президенті (төбе би):

  • А. Бабишов

Ақсақалдар алқасының және топ белсенділерінің мүшелері:

  • Бөриев Кенжебек
  • Ачилов Тайыр
  • Елғонов Ермахан
  • Сейдалиев Ақылбек
  • Телғозиев Құттыбек
  • Қалменов Бекшора
  • Жиренбаев Қалдар
  • Полатов Дауылбай
  • Әуезов Смайыл
  • Арынов Ибрагим

Қаракөсе руының 8 атасының төбе билері:

  • Балғалы ата — Құлмуратов Абдуназар
  • Болтай ата — Өміралиев Сырлыбек
  • Жетім ата — Жиренбаев Қалдар
  • Калпе ата — Салибаев Минаймбек
  • Қарулы ата — Сулейменов Сапар
  • Мұхам ата — Керімбеков Тағайбек
  • Тоғай ата — Ахметов Абдуғани
  • Шүрен ата — Әбілдаев Лесбай

Штабқа қосылған жаңа мүшелер:

  • Нұрбек Тайырұлы
  • Ербол Әбдікәрімұлы

Жиын барысында әр ата бойынша шежірелік есептер тыңдалды. Бұл баяндамалар ру тарихын жүйелеу, ұрпақтар сабақтастығын сақтау және шежірелік деректерді ғылыми негізде толықтыру жолындағы маңызды қадам болды.

Абдиназар көкенің еңбегі ерекше атап өтілді: Қаракөсе тарихына арналған алғашқы зерттеу және осындай мазмұнды жиынды ұйымдастыру жөніндегі бастамасы — келер ұрпаққа қалатын құнды рухани мұра болып саналады.

Балғалы руы атынан шай ішу рәсімін ұйымдастырған Қалдар көкеге жиналған ағайын тарапынан ерекше ризашылық білдірілді. Бұл — ру ішіндегі ынтымақ пен сыйластықтың, үлкенге құрмет, кішіге ізет қағидаларының нақты көрінісі болды.

Кездесу барысында келесі маңызды тақырыптар көтерілді:

  1. Қаракөсе бірлестігін одан әрі нығайту;
  2. Ру ішіндегі білім деңгейін және тарихи сананы арттыру;
  3. Қаракөсе–Қонырат атауын облыс көлемінде ғана емес, республика деңгейде де кеңінен таныту.

Бірлесе еңбек еткен жағдайда бұл мақсаттарға толық жетуге болатынына қатысушылар ортақ сенім білдірді.

Сонымен қатар, кездесуде Қаракөсе туралы арнайы кітап дайындау жұмыстары қолға алынатыны мәлімделді. Шежіре жұмысы аясында төмендегі нақты міндеттер жүктелді:

  • Қаракөселердің толық тізімін қалыптастыру;
  • Шежіре кестесін жүйелі әрі бірізді түрде жасау.